Атырауда балаларын сатқан әйел ұсталды

Атырауда балаларын сатқан әйел ұсталды
3394

Атырауда кәмелетке толмаған балаларын сатты деген күдікке ілінген батысқазақстандық 32 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Ақ жайық» басылымына сілтеме жасап. 

Белгілі жайттарға сүйенсек, сатып алушыларды әйел өзі іздеп тапқан. Полиция одан 1 және 2 жастағы балаларын сатты деп күдіктеніп отыр. 

Іштен шыққан шаранасын қаншаға бағалағаны әлі белгісіз.

Әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: azh.kz
Өзгелердің жаңалығы