Атырауда әйелге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

17 Маусым 2024, 09:44
1332
Бөлісу:
Атырауда әйелге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды
VIDEO
Фото: скриншот

Атырауда тұрғын үйлердің бірінде әйелге қарақшылық шабуыл жасаған ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ер адам әйелді үйдің кіреберісінде торуылдап тұрып, пышақтап кеткен. Атырау облысы ПД баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

9 маусымда 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің аты-жөні белгілі болды. Қазір жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптама басталды, - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, күдікті мен зардап шеккен әйел азаматтық некеде болған.

Ескерту: Видеода зорлық-зомбылық белгілері бар

Өзгелердің жаңалығы