Атырауда "Ақжайық" табиғи резерваты аумағында қамыс өртеніп жатыр

10 Қазан 2024, 08:09
255
Бөлісу:
Атырауда "Ақжайық" табиғи резерваты аумағында қамыс өртеніп жатыр
Фото: видеодан кадр

Атырауда "Ақжайық" табиғи резерваты аумағында өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

9 қазанда Атырау қаласы Еркінқала ауылынан 40 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағалауында “Ақ Жайық” Мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өсімдіктерінің бықсып жатқаны анықталды. Облыстық ТЖД және “Ақ Жайық” МТР жалпы саны 46 қызметкер, 16 бірлік техника жұмылдырылып, оқиға орнында жануды сөндіру жұмыстарын жүргізді, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Қараңғы түсуіне байланысты өртті сөндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды, 10 қазан қайта жалғасатын болады.

Жану аумағы қамыс өрті толық жойылған соң комиссия мүшелерімен анықталатын болады.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Өзгелердің жаңалығы