Атырауда алғаш рет триатлоннан ҚР чемпионаты өтті

3 Қыркүйек 2022, 19:28
1102
Бөлісу:
Атырауда алғаш рет триатлоннан ҚР чемпионаты өтті
PHOTO

Ішкі туризімді дамытып, тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту мақсатында өткен додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам спортшы келді,  деп хабарлайды BAQ.KZ. 

 Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәлімдеуінше, U23 және U17 санаты бойынша ұйымдастырылған чемпионатта 40 атыраулық облыс намысын қорғады.

 

Атырауда алғаш рет триатлоннан ҚР чемпионаты өтті

3 кезең бойынша өткен жарыста спортшылар алдымен суда 300 метр қашықтыққа жүзді. Кейін велосипедпен 16 шақырымды жүріп өтті. Жарыстың үшінші кезеңінде 2 шақырымға жүгірді. Спорттық іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, жеңімпаздарды марапаттады .

Атырауда алғаш рет триатлоннан ҚР чемпионаты өтті

Бүгін облыста алғаш рет ауқымды шара –триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп отыр. Мұндай доданың қарт Жайықтың бойында өтуі - облыста триатлон спортының қарқынды дамуына оң әсер етері сөзсіз. Бүгінгі жарыстың ұйымдастырушыларына алғысымды білдіре отырып, спортшылардың жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектеспін, - деді Ж.Бисембиев.

Жарыс нәтижесі бойынша U23 санаты бойынша қыздар арасында:

1-орынды Озерова Юля (Қостанай облысы);

2-орынды Бекмагамбетова Надежда (Нұр-Сұлтан қаласы);

3-орынды Аманжанова Аружан (Түркістан облысы) иеленді.

U23 санаты бойынша ерлер арасында:

1-орынға Зубцов Данил (Қостанай облысы);

2-орынға Абусиев Алихан (Шымкент қаласы);

3-орынға Нургалиев Медет (Түркістан облысы) ие болды.

Атырауда алғаш рет триатлоннан ҚР чемпионаты өтті
Атырауда алғаш рет триатлоннан ҚР чемпионаты өтті
Атырауда алғаш рет триатлоннан ҚР чемпионаты өтті

U17 санаты бойынша қыздар арасында:

1-орынды Исабаева Анель (Ақмола облысы);

2-орынды Ренченко Ангелина (Ақмола облысы);

3-орынды Петрова Юлиана (Ақмола облысы) иеленді.

U17 санаты бойынша ерлер арасында:

1-орынды Жанабай Арлан (Ақмола облысы);

2-орынды Дубинский Никита (Ақмола облысы);

3-орынды Кенжанов Абулхайр (Ақмола облысы) алды.

Атырауда алғаш рет триатлоннан ҚР чемпионаты өтті

Бүгінгі доданың 1-орын иегерлері енді Азия чемпионатында ел намысын қорғайды. Айта кетейік, өңірде өткен чемпионатқа триатлон спортынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Максим Крят, Атырау облысы Триатлон федерациясының президенті Айбар Есенғалиев, Триатлоннан республикалық турнирлердің жеңімпазы, “Atyrau Iron Team” әуесқой спорт клубының өкілі Марат Уразалиев қатысты.

Өзгелердің жаңалығы