Атырауда 72 жастағы науқас Covid-19 індетінен айықты

26 Сәуір 2020, 16:07
1258
Бөлісу:
Атырауда 72 жастағы науқас Covid-19 індетінен айықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 26 сәуірде инфекциялық стационардан тағы бес науқас жазылып шықты, деп хабарлады Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб. 

Дерттен айыққандар 30 - 56 жастағы ер адамдар, сондай-ақ 72, 56 және 46 жастағы әйел адамдар. Осылайша, Атырау облысында коронавирустық инфекциядан сауғып шыққандар саны 47 адамға жетті, - делінген ресми хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы