Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы күреске 600-ден астам дәрігер жұмылдырылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
Атырау облысында коронавирустық инфекциямен қарсы күресте қазір медицина қызметкерлері үш стационарда жұмыс істеуде. Соның ішінде инфекциялық стационарда науқастарды емдеуге 38 дәрігер, 60 орта, 60 кіші медицина қызметкері тартылған. Сонымен қатар провизорлық стационарда 40 дәрігер, 76 орта және 76 кіші медицина қызметкері жұмыс істеуде.Сондай-ақ карантиндік стационарда 54 дәрігер мен 216 орта және кіші медицина қызметкері бар.
Қажеттілік болса резервке арнайы дәрігерлер мен медқызметкерлер де алынған. Инфекциялық стационар үшін 3 дәрігер, 12 орта және кіші, провизорлық стационарға 2 дәрігер, 16 орта және кіші, карантиндік стационарда жұмыс істеуге 6 дәрігер мен 22 орта және кіші медқызметкер әзір отыр.