Атырауда 4 жастағы бала оныншы қабаттан құлап кетті

15 Маусым 2024, 06:50
437
Бөлісу:
Атырауда 4 жастағы бала оныншы қабаттан құлап кетті
Фото: baq.kz

Кеше, 14 маусымда таңғы сағат 9.00 шамасында төрт жасар ұл бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, сәби сол жерде көз жұмған.

Қазіргі таңда аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі («Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау») бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы