Атырауда 20-дан астам ата-ана жауапкершілікке тартылды

21 Қараша 2021, 17:22
856
Бөлісу:
Атырауда 20-дан астам ата-ана жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында «Студент» жедел профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іс-шара кезінде Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен және Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының мамандарымен және «Ақтөбе даму» қоғамдық қорының бірлестік қызметкерлерімен бірге қызмет атқару барысында түнгі сағат 23:00 кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүрген 23 жасөспірімді анықталды, - делінген хабарламада.

22 ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескерту берілсе, 1 ата-анаға жасөспірім балалары аталған құқық бұзушылықты бір жыл ішінде бірнеше рет қайталап жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 3-бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Мысалы, 2021 жылдың 18 қараша күні сағат 00:35 шамасында Исатай Махамбет алаңында түнгі сағат 23:00 кейін ата-анасының еріп жүруінсіз жүрген и 17 жастағы Атырау қаласының тұрғыны анықталып, аталған жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

Өзгелердің жаңалығы