Атырауда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден құлап, мерт болды

3 Наурыз 2023, 12:01
1000
Бөлісу:
Атырауда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден құлап, мерт болды
Фото: polisia.kz

Қайғылы оқиға Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы полиция департаменті 2 наурыз күні сағат 23:30 шамасында 16 жастағы жасөспірім Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен биіктіктен құлап қайтыс болғандығын хабарлайды, - делінген таратылған ақпаратта.

Polisia.kz деректеріне сәйкес, қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
 

Өзгелердің жаңалығы