"Атырау-Орал" жолының учаскесі төрт жолақты болады

15 Маусым 2020, 10:31
1275
Бөлісу:
"Атырау-Орал" жолының учаскесі төрт жолақты болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда республикалық маңызға ие "Атырау-Орал" автомобиль жолында (75-125 шақырым) қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейтін компанияны анықтау мақсатында тиісті процедуралар басталған. 

Осылайша, ЖСҚ дайын болған соң, жолшылар тасжолдың 50 шақырымында құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісетін болады. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
"Атырау-Орал" автомобиль жолы – екі облыс орталығын байланыстырушы маңызды транзиттік көлік дәлізі. Ол Каспий теңізінің порттарына шығуға мүмкіндік береді. Жол осыдан 15 жыл бұрын жөндеуден өткен болатын. Үшінші техникалық санаттағы тасжолдың құрылымы осьтік жүктемесі 8 тоннаға дейінгі көлік құралдарына лайықталып, тәулігіне шамамен 3000 көлікті өткізе алады. Бүгінгі таңда Қазақстанда автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңарту оське 13 тоннаға дейінгі есептік жүктемемен жүзеге асырылады. Тиісінше, бұл жолдың жаңғыртылуы қос өңір үшін аса қажет, - делінген хабарламада.

Жол қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң  төрт және екі жолақты болады. Бүгінгі таңда автомобиль жолының  учаскесінде (75-125 шақырым) қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге арналған ЖСҚ әзірлейтін жобалық компания анықталған. Жоба осы процедуралар аяқталған соң іске асырыла бастайды.

Айта кету керек, жоба автомобиль жолының өткізу қабілетін арттыруға, жолда болатын апатты төмендетуге, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға, сондай-ақ, Қазақстанның транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бермек.

Еске салайық, "Атырау-Орал" автомобиль жолы 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта жаңартылады.

Өзгелердің жаңалығы