Атырау облысының әкімі жедел штаб отырысын өткізді

22 Сәуір 2024, 01:06
465
Бөлісу:
Атырау облысының әкімі жедел штаб отырысын өткізді
Фото: gov.kz

Атырау облысында Жайық өзенінің көтерілуіне және Иректі су қоймасынан су ағызудың ұлғаюына байланысты жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Онда су тасқынына қарсы іс-шаралар мәселелері қаралды. 

Қазір судың мүлдем келмейтіні туралы жағымды пікірлерден бастап қауіпті жағдайға соқтыруы мүмкін екеніне дейін түрлі пікірлер бар. Жергілікті атқарушы органдардың міндеті барлық жағдайға дайын болу. Біріншіден, Батыс Қазақстан облысындағы жағдайды ескере отырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Тұрғындарда егер су келсе қандай қадамдар жасау керектігі туралы нақты түсінік болуы керек.  Екіншіден, Жайық өзенінің бойындағы қауіпті жерлерге тағы да мұқият талдау жүргізіп, қалада ғана емес, Махамбет және Индер аудандарында да қажетті шараларды қабылдау қажет.  Үшіншіден, салынып жатқан бөгеттердің сапасы мен тығыздығына назар аудару қажет. Мамандар қажетті өлшеулер мен сынақтарды жүргізіп, осал тұстарын анықтауы керек. Егер тасқын су әлсіз жер тапса, мыңдаған атыраулықтардың, компаниялардың, жергілікті атқарушы органдардың орасан зор еңбегі бекер болмақ, - деді облыс әкімі.

Бүгінгі күні Атырау қаласы бойынша 21 сәуірге жоспарланған 243 шақырымнан 221,1 шақырым бөгет тұрғызылды, орындалған жұмыс көлемі 91% құрайды, жағалауды нығайту жұмыстарына 993 бірлік техника, 1496 түрлі ұйымдардың қызметкерлері және 3000-ға жуық ерікті жұмылдырылды. 

Өңір басшысы әрбір бөлінген учаскеде кезекшілікті алдын ала дайындаудың маңыздылығын атап өтті.

Белсенділер, ТЖД мамандары, әкімдік, полиция өкілдері қатарынан кімнің және қай учаскеге жауапты екенін алдын ала тізім жасау қажет. Сондай-ақ, кезекшілерді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету қажет, - деп түйіндеді Серік Шәпкенов. 

Жалпы, Атырау облысы бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде, жоспарланған 512,2 шақырымның 462,88 шақырымына бөгет салу жұмысы жалғасып жатыр. Орындалған жұмыс көлемі 90,3%, жағалауға құм толтырылған 2,7 млн. астам қап төселді. Бұл жұмыстарға 15 264 адам және 1 745 бірлік техника жұмылдырылды.2302:05

Өзгелердің жаңалығы