Атырау облысының жедел-жәрдем станциясы 22 көлікпен толықты

3 Қазан 2020, 23:23
1906
Бөлісу:
Атырау облысының жедел-жәрдем станциясы 22 көлікпен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласының 380 жылдығына орай облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясы 22 жедел жәрдем көлігімен толықты. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов хабарлады.

Қаламыздың 380 жылдық мерейтойы қарсаңында облысымыздың медициналық жедел-жәрдем станциясы «Хюндай» маркалы су жаңа 22 жедел жәрдем көлігімен толықты. Дәрігерлеріміздің короновируспен күрес кезінде көрсеткен қажыр-қайраты мен еселі еңбегін өте жоғары бағалаймыз. Үкіметтің қолдауымен денсаулық сақтау саласына көмек көрсету жалғасады. Ағымдағы жылдың қараша айында тағы 18 тағы да медициналық жедел-жәрдем көлігі жеткізіледі - деді өңір басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, келесі жылы облысқа республикалық бюджет қаражаты есебінен 60 санитарлық автокөлік келеді.
Әлемдік COVID-19 пандемиясы ұлттың саулығын сақтаудың маңызын арттыра түсті. Сондықтан, біздің басты - мақсатымыз денсаулық саласын дамыту - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Өзгелердің жаңалығы