Атырау облысында жол жырылып, көлік қатынасы тоқтады

11 Наурыз 2023, 14:03
990
Бөлісу:
Атырау облысында жол жырылып, көлік қатынасы тоқтады
Фото: inform.kz

Атырау облысының Қызылқоға ауданында су тасқыны жолды жырып кетті. Көлік қатынасы тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тас жолының 248-260 шақырымында көлік қозғалысы шектелді. Жолдың бұл бөлігі Қызылқоға ауданының орталығы Миялы мен оған көршілес Жангельдин ауылын жалғайды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұл – былтыр жырылған жолдың бір бөлігі. Топырақ төселіп, көлік өтетіндей етіп жасалған. Бүгін, 11 наурызда таңғы сағат 4:45-те еріген қар суының көп келуіне байланысты топырақ төселген жол қайта бұзылған.

«Жоспарға сәйкес жырылған жолдың бөлігіне су өткізетін арнайы құбыр қойылады. Былтыр жолдың бұл бөлігіне асфальт төселген жоқ. Жол тек топырақ төселген күйінде тұр», -деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Қазір Миялы ауылынан Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округтеріне көлі қатынасы тоқтаған.

Өзгелердің жаңалығы