Атырау облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

28 Ақпан 2023, 15:44
659
Бөлісу:
Атырау облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Фото: ІІМ

Үш адам әртүрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, 28 ақпан сағат 07:55 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 492 шақырымында Мақат - Қызылқоға бағытында Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлікті игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысты. 

Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам әртүрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы