Атырау облысында вакциналау қарқынды жүріп жатыр

17 Наурыз 2021, 08:49
1335
Бөлісу:
Атырау облысында вакциналау қарқынды жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысына қарасты Жылыой ауданында вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Екпе салдырудың алғашқы кезеңінде мұнайлы ауданға 75 доза вакцина әкелініп, толық игеріліпті. Аудандық орталық ауруханаға вакциналарды сақтайтын арнайы тоңазтқыштар да сатып алынған. Екпе алған медицина қызметкерлерінің қазір жағдайы жақсы, арыз-шағымы жоқ.

Ауданның мұғалімдері келіп, ұйымдасқан түрде екпе алып жатыр. Жалпы келгені – 200 доза. Енді ерікті келулеріне байланысты осы 200 дозаны игеруіміз керек, – дейді Жылыой аудандық орталық аурухананың директоры Нұрбек Үкібаев.

Енді вакциналаудың екінші кезеңінде педагогтарға екпе салу үшін 200 доза вакцина алынған. Қазір мектеп мұғалімдері ерікті түрде келіп, екпе алуға кірісті.

Бүгінше 14 педагог қызметкер келіп алды. Әрі қарай тағы да жалғастырып алады. Себебі бұл балалардың, әрбір отбасының, әр жеке адамның өмір қауіпсіздігі деп білемін, – дейді  Жылыой аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айбарша Қақпанбаева.

Өзгелердің жаңалығы