Атырау облысында шамамен 20 га аумақта қамыс өртенді

17 Ақпан 2024, 23:05
522
Бөлісу:
Атырау облысында шамамен 20 га аумақта қамыс өртенді
Фото: baq.kz

Атырау облысында қамыс өртенді. Өрт аумағы шамамен 20 га қамтыған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екпіні 24-26 м/с қатты желдің салдарынан және жел бағытының жиі өзгеруінен қамыс өртін сөндіру қиындық тудырды.

Өртті жоюға ТЖД, «Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау» мекемесінен, ЖАО, барлығы 28 адам мен 5 бірлык техника жұмылдырылды, - деп жазылған хабарламада.

Жедел іс-әрекеттің арқасында өрт сағат 20:10-да толықтай жойылды.

Өзгелердің жаңалығы