Атырау облысында өртенген қамыс сөндірілді

15 Қазан 2020, 21:35
2723
Бөлісу:
Атырау облысында өртенген қамыс сөндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 15 қазанда сағат 18.58-де Атырау облысында қамыстың жануы жойылды. Өрттің ауданы анықталуда. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД-ның 49 қызметкері, 7 техникасы мен «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Жануды жою кезеңінде тікұшақ 87 тонна көлемінде 29 рет су шашты - делінген хабарламада.

Атырау облысында өртенген қамыс сөндірілді

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда күндіз Атырау қаласының Кеңөзек ауылдық округінде Каспий теңізі жағалауының батпақты жерінде қамыс өртенді. Жану ошақтары анықталғаннан кейін дереу күштер мен құралдар жіберілді. 5 күн бойы өрт сөндірушілер желдің күшеюіне, сондай-ақ батпақты жермен және өсімдіктердің қалың өсуіне байланысты қиын жағдайларда отпен күресті. 

Атырау облысында өртенген қамыс сөндірілді

Техниканың өту қиындығына байланысты жануды сөндіруге құтқару авиациясы пайдаланылды және аспалы өрт сөндіргіштер мен шартылдақтардың көмегімен жүзеге асырылды.

Өзгелердің жаңалығы