Атырау облысында карантиндік шаралар қандай жағдайда жеңілдетілетіні айтылды

24 Шілде 2020, 13:53
1620
Бөлісу:
Атырау облысында карантиндік шаралар қандай жағдайда жеңілдетілетіні айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғындар санитарлық талаптар мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтап, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған жағдайда карантиндік шараларды жеңілдету мәселесі қарастырылады деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, қазіргі уақытта аймақтағы эпидемиологиялық жағдай шектеу шаралары ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен зертханалық зерттеулер көлемін бөлудің нәтижесінде тұрақтануда. 
Жалпы алғанда, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар ішінде Теңіз кен орны қызметкерлерінің үлесі қырық пайызды құрайды. Сонымен бірге, бізде шілде айының бірінші жартысында орташа өсім 3,5-тен 5%, тіпті 10% -ға дейін барды. Бүгінде бұл көрсеткіш 1,5%-дан 2%-ға дейін төмендеді. Тәулігіне орта есеппен 40-160-тан, 190-200 жағдай тіркеліп отыр. Егер тұрғындар шектеу шараларын, сондай-ақ, әлеуметтік қашықтықты сақтар болса, 3 тамыздан кейін карантиндік шараларды жеңілдету мәселесі қарастырылатын болады, - деді Сәдуақас Байғабылов.
Айта кетейік, наурыз айынан бастап өңірде коронавирус инфекциясын анықтау үшін 142 000 ПЦР-зерттеу жүргізіліп, 7 зертхана іске қосылды. Оның ішінде 1 зертхана - мемлекеттік. Әрбір зертхана жоспарлы емдеуге жатқызу, тәуекел топтар, сонымен бірге, скрининг және кен орнының қызметкерлеріне байланысты өз деңгейіне сай ПТР-зерттеу жүргізеді.
Өзгелердің жаңалығы