Атырау облысында халық сайлаған ең жас әкім 29 жаста

26 Шілде 2021, 16:45
2930
Бөлісу:
Атырау облысында халық сайлаған ең жас әкім 29 жаста

Атырау, BAQ.KZ тілшісі.  Атырау облысында 18 сайлау округі бойынша әкімдер сайланды. 44 мыңнан астам сайлаушының 74,4 пайызы дауыс берді. Жалпы облыстағы сайлау өтетін учаскелерге 52 адам әкімдікке кандидаттыққа тіркелген еді. 

Барлық 18 сайлау округтері бойынша әкімдер сайланды. Олардың ішінде «Нұр Отан» партиясынан 15, «Адал» партиясынан 1 адам және 2 кандидат өзін өзі ұсынғандар. Сайланған  18 әкімнің 16-ы мемлекеттік қызметші. Ал оның ішінде 8-і қайтадан сайлауға түскен ауыл әкімдері. 1 әйел адам бар. Мамандықтары бойынаш 6-уы қаржыгер, 4-уі мұғалім, 3-уі ауыл шаруашылығы қызметкерлері, 2-уі заңгер, ал 3-уі басқа да мамандық иелері. Олардың орташа жасы 47 жасты құрайды. Ең жасы 29-да, үлкені 61-де. 15 әкім өздері сайланған ауылдық округтерінің тұрғыны.  Үшеуі аудандар аумағында тұрады,- дейді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше 34 сайлау учаскесінде 175 бақылаушы сайлау барысын бақылаған. Оның ішінде 21-і канидаттардың сенімді өкілдері,46 –ы саяси партиялардан, 88 –і қоғамдық бірлестіктерден және 19-ы бұқаралық ақпарат құралдарынан болған. Сайлаудың қорытындысы жергілікті және облыстық сайлау комиссиясының сайттарында, сондай-ақ, БАҚ-ы арқылы жарияланған. 


Өзгелердің жаңалығы