Атырау облысында 66 жастағы шопан жоғалып кетті

13 Ақпан 2022, 16:49
1400
Бөлісу:
Атырау облысында 66 жастағы шопан жоғалып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында 27 қаңтардан бері іс-түзсіз жоғалып кеткен қарт қойшы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы облыстың ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сәйкес 12 ақпанда құтқарушыларға Жылыой ауданында із-түссіз жоғалып кеткен ер адам туралы хабарлама түскен.

66 жастағы шопан 27 қаңтарда Сарықасқа учаскесінен Құлсары қаласына қарай шығып, күні бүгінге дейін оралмаған. Үлкен төбе, Сарықасқа және Бекжал учаскелерінде іздеу жұмыстары жүргізілді, - делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің үш қызметкері мен бір техникасы, аудандық ішкі істер бөлімінің төрт қызметкері және бір жергілікті тұрғын жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы