Атырау облысында 25 түп ағаш отырығызылды

8 Мамыр 2021, 15:10
1878
Бөлісу:
Атырау облысында 25 түп ағаш отырығызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 сәуірдегі Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаеваның «Киелі Табиғат» экологиялық акция бастамасын Атырау облысы жастары да қолдады.

Атырау облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірім ұйымының белсенділері және Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысының волонтерларының қатысуымен республикалық «Киелі Табиғат» экологиялық жобасы аясында «Естелік саябағы» акциясы бойынша «Достық үйінің» саябағына 25 түп ағаш отырғызды.

Атырау облысында 25 түп ағаш отырығызылды

Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған «Киелі Табиғат» экологиялық жобасы жастар арасында экологиялық мәдениет құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Атырау облысында 25 түп ағаш отырығызылды

Айта кетейік, бір ай бойы бүкіл ел аумағында экологиялық айлық жалғасады. Оның аясында барлық өңірде жастардың қатысуымен – өзен арналарын тазарту, аулаларды тазалау, ағаш егу және гүл отырғызу жұмыстары жүргізілетін болады.

Атырау облысында 25 түп ағаш отырығызылды

Акция әрі қарайда жалғасын табады.

Өзгелердің жаңалығы