Атырау облысында 21 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

7 Желтоқсан 2020, 17:11
2189
Бөлісу:
Атырау облысында 21 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Штаттық режимдегі​ мектептерде аймақ бойынша 1295 оқушы білім алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облысында 21 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Қызылқоға ауданына қарасты Кенбай елді мекеніндегі ​Тасым Жанұзақов атындағы бастауыш мектепте оқушылар екі ауысымда білім алып жатыр. 

Түске дейін екі сынып және мектепалды даярлық тобы оқиды. Бірінші сыныпта үш оқушы, екінші сыныпта бес оқушы бар. Мектепалды даярлық тобында үш бала білім алып жатыр. Түстен кейін үшінші, төртінші сыныптарда барлығы сегіз бала оқуда, - дейді​ Тасым Жанұзақов атындағы бастауыш мектебінің меңгерушісі​ ​Жұмазия Келдібаева.

Атырау облысында 21 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Жиырма шақты үй тұратын Кенбай ауылындағы мектепте 8 мұғалім жұмыс істейді. Мұнда барлығы 16 оқушы білім алып жатыр. Шағын болғанына қарамастан, мектеп мультимедиялық тақтамен, компьютерлермен жабдықталған. ​Кеңжолақты интернет желісіне қосылған мектепте​ ауыл балалары үшін информатикадан қосымша дәріс берілуде. ​

Штаттық​ режимдегі тағы бір мектеп Қызылқоға ауданына қарасты Жантерек елді мекенінде орналасқан. Жылдың басында ғана жаңа ғимаратқа көшкен мектепте 41 оқушы дәстүрлі форматта білім алып жатыр.

Атырау облысында 21 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

​ №75 бастауыш мектебінің меңгерушісі Гүлжауған Сұлтанованың айтуынша, мұнда барлығы ​33 оқушы, мектепалды даярлық тобында 8 оқушы білім алып жатыр.

Атырау облысында 21 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Мектепте 9 мұғалім бар. 60 орындық мектеп спорт зал, асханамен қамтамасыз етілген, - дейді ол.

Бастауыш сынып балаларға әріп танытудан бастап,​ оқушыларды ғылыми жұмысты қорғау деңгейіне дейін шығарып жатыр.

Атырау облысында 21 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

​ Мәселен, «Қазақтың ұлттық сусыны - шұбат» тақырыбында ғылыми жұмысын қорғаған оқушым Інжу Сәкенқызы Қазақстан бойынша бірінші орын алып, жұмысы республикалық жинаққа енді, - дейді аталған мектептің ​бастауыш ​сынып мұғалімі Нұран Омарова.

​Еске сала кетелік, Атырау облысында штаттық режимде жұмыс істеп жатқан 21 мектепте ​3111 мұғалім дәріс беруде. Онда барлығы ​1295 ​оқушы білім алып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы