Атырау облысында 15 адам құтқарылды

12 Ақпан 2024, 13:11
299
Бөлісу:
Атырау облысында 15 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

11 ақпанда Атырау облысы Исатай ауданының қыстауларының бірінен Тұщықұдық ауылына қарай бет алған үш көлік батпақты жерде қалып, өздігінен шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.

Сағат 23:10-да қоңырау келіп түсті. Құтқарушылар жедел түрде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бет алды.

Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде жоғалған адамдар Тұщықұдық ауылынан 20 км жерден табылды.

Құтқарушылар 15 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарып, Тұщықұдық ауылына эвакуациялады. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ. 

Өзгелердің жаңалығы