Атырау облысында 11 жастағы қыздың денесі өзеннен табылды

14 Тамыз 2022, 14:33
994
Бөлісу:
Атырау облысында 11 жастағы қыздың денесі өзеннен табылды

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Хиуаз ауылының шетіндегі Шароновка өзеніне 11 жасар қыз батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметінің хабарлауынша, ол рұқсат етілмеген жерде суға түскен.

Оқиға 13 тамыз күні сағат 13:50 кезінде болған. Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Хиуаз ауылының маңында 2011 жылы туған қыз Шароновка өзеніне батып кеткен. Оны сағат 15:40-тан бастап 25 адам іздеген. Сағат 23:00-де іздеу жұмыстары таңға дейін тоқтатылды.

14 тамызда сағат 8:45-те жергілікті тұрғындар қыздың денесін тауып алып, судан шығарған.

Өзгелердің жаңалығы