Атырау облысына 20 жаңа жедел-жәрдем көлігі берілді

3 Қараша 2022, 19:29
1060
Бөлісу:
Атырау облысына 20 жаңа жедел-жәрдем көлігі берілді

3 қараша күні Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына жаңадан келген 20 жедел жәрдем көлігінің кілтін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасындағы санитарлық көлік жаңартылуы бойынша Жол картасын орындау мақсатында Атырау облыстық жедел жәрдем станциясы 20 көлікке толықты.  Көлік кілтін салтанатты түрде Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев табыстады. 

Өңірде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес медицина саласындағы материалдық-техникалық базаны нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Облыстың жедел жәрдем қызметіне жаңа көліктердің толығуы - денсаулық сақтау саласына үлесі зор әрі қызметтің жеделдігін артырады, деді Ж.Бисембиев.

Заманауи автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бүгінде облысымызда 65 жедел жәрдем көлігі қызмет етеді.

Өзгелердің жаңалығы