Атырау облысы «қызыл» аймақа енді

6 Қаңтар 2021, 12:16
2078
Бөлісу:
Атырау облысы «қызыл» аймақа енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан тұтастай алғанда коронавирустың таралуы бойынша тұрақты «жасыл» аймақта тұр. Коронавирустың таралуы бойынша бір облыс тағы да «қызыл» аймаққа кірді.

6 қаңтарға Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. Екі күн бойы «сары» аймақта болған Атырау облысы тағы да қауіпті «қызыл» аймаққа енді. Соңғы тәулікте коронавируспен ауыратын 101 науқас анықталды.

«Сары» аймақта - Нұр-сұлтан, Алматы қалалары мен СҚО, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстары.

Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Өзгелердің жаңалығы