Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасында жаңа басшы

14 Қазан 2022, 05:20
1557
Бөлісу:
Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасында жаңа басшы

Атырау облысы әкімінің өкімімен ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының лауазымына Салауат Өтеғұлов тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес. 

Салауат Өтеғұлов Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының «Әлемдік экономика» мамандығы және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «Құқық» мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек өтілін 2009 жылы Индер ауданы «Есбол» АҚ-да слесарь болып бастаған. 2006 жылдан бастап - Атырау облысы Дене тәрбиесі және спорт басқармасының бас маманы болды. Содан кейін Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне жұмысқа ауысып, 2007-2013 жылдар аралығында түрлі бөлімдердің бас маманы қызметін атқарған. Қысқа уақытқа Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ауылдық аумақтарды дамыту бөліміне басшылық еткен. Содан соң осы басқарма басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2019 жылы Индер ауданы әкімінің орынбасары, 2021 жылы Индер ауданының әкімі қызметін атқарды. 

Өзгелердің жаңалығы