Атырау облысы. 1855 жылыойлық несиесін шегеруге өтінім қалдырған

24 Сәуір 2024, 18:35
285
Бөлісу:
Атырау облысы. 1855 жылыойлық несиесін шегеруге өтінім қалдырған
Фото: Арман Мухатов - архив

Жылыойда 1855 адамнан несие өтеуді кейінгі қалдыру туралы өтінім түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Қазір банктер алдындағы несиелерді өтеуді кейінге қалдыру бойынша өтінімдерді тіркеу жұмыстары жергілікті атқарушы орган арқылы жүзеге асырылуда.

10 сәуірден 23 сәуір аралығында тұрғындардан несие өтеу мерзімін кейінге қалдыру бойынша 1855 өтінім тіркелді. Өтінім қабылдау жалғасуда, - делінген Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінде.

Еске сала кетсек, су тасқынынан зардап шеккендердің несиелері бойынша төлемдер автоматты түрде 3 айға кейінге қалдырылғанын еліміздің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлаған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы