Атырау «Игіліктің» игілігін көріп жатыр

23 Желтоқсан 2022, 18:17
2093
Бөлісу:
Атырау «Игіліктің» игілігін көріп жатыр
PHOTO

Еліміздің ең ірі мұнай компаниясы «Теңізшевройл» негізі қаланғаннан бері Атырау облысы мен жалпы Қазақстан халқының әлеуметтік деңгейін жақсартуға бағытталған бірқатар бастаманы қолға алып, қоғам игілігіне пайдалы жобаларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорын бұл мақсатқа бүгінге дейін 2,6 млрд АҚШ долларына жуық қаржы жұмсаған. 

Атырау «Игіліктің» игілігін көріп жатыр

24 жылдан астам уақыттан бері ТШО сәтті жүзеге асырып келе жатырған бағдарлама – «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы. Оның аясында биыл Жылыой ауданы Құлсары қаласында 3000 орындық орталық стадион ашылып, салтанатты түрде аудан тұрғындарына пайдалануға берілді. Сонымен қатар осы өлкеде орталық аудандық аурухананың құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Айта кететін жайт, бағдарлама аясында осы Жылыой ауданында 1999 жылдан бері 59 жоба іске асырылған.  Жалпы, «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының 2022 жылғы бюджеті 30 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Аталған қаржының негізгі бөлігі Атырау облысындағы балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалмақ.

Атырау «Игіліктің» игілігін көріп жатыр

ТШО аталған бағдарламалардан басқа аймақтағы жобаларға демеушілігін жалғастырып жатыр. Ұйымның үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Дәрмен Аронов Атырау қаласы мен Атырау облысындағы 14 ауруханаға жалпы құны 6 миллион АҚШ долларынан астам қаражатқа аса маңызды медициналық құрал-жабдықтар сатып алынғанын мәлімдеді. 

Атырау «Игіліктің» игілігін көріп жатыр

Коронавирустық инфекцияны анықтау мен емдеудің заманауи хаттамаларына сәйкес жансақтау бөлімшелерін жабдықтап, жүкті әйелдер мен балаларға жоғары сапалы және жоғары технологиялық көмек көрсетуге арналған жабдықтар табыстадық. Біз аға буын өкілдеріне де көңіл бөлуге тырысамыз. Мәселен биыл қарашаданбастап келер жылдың сәуірінедейін облыстағы 100 зейнеткері мен еңбек ардагерлері Атырау шипажайында емдік-сауықтыру шараларынан өте алады. Ем алушылардың жартысы – Жылыой ауданының тұрғындары, - дейді Дәрмен Аронов. 

Атырау «Игіліктің» игілігін көріп жатыр

ТШО аймақтағы білім беру сапасын арттыруға да үлес қосып келеді. Нақты айтар болсақ, биыл №3 арнайы қызмет көрсету орталығында балаларға арналған сенсорлық кабинет жасақталып, Атырау облысының арнайы мектеп-интернатында физика-биология кабинеттері толықтай жабдықталды. Облыстық оңалту орталығына оқуға қажет құрал-жабдықтар сатып алынды. Компания еріктілері халықтың әлеуметтік осал тобына жататын балаларға түрлі қайырымдылық акциялары мен бағдарламалар ұйымдастырады.

Атырау «Игіліктің» игілігін көріп жатыр

Бүгін «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының тағы бір жемісті нәтижелерінің біріне куә болдық. Бағдарлама аясында Атырау қаласындағы халық көп шоғырланған Көктем тұрғын үй алабында заманауи жабдықтары бар балабақша пайдалануға берілді. 

Жаңа балабақша 3-6 жас аралығындағы 160 бүлдіршінді қабылдай алады. Екі қабатты ғимаратта әртүрлі жас санатындағы жеті топтың дамуына қажет құрал-жабдықтың барлығы бар. 

Атырау «Игіліктің» игілігін көріп жатыр

Балабақшада гимнастика және музыка сабақтарына арналған әмбебап зал, спорт жабдықтары мен музыка аспаптарын сақтауға арналған қойма, кең дене шынықтыру бөлмесі, әмбебап үйірме бөлмелері, оқшаулау бөлімі бар медициналық блок, процедуралық кабинет, физиотерапия кабинеті және басқа да көптеген функционалдық бөлме қарастырылған.

Біз өзіміз өмір сүріп, жұмыс істеп жатқан қоғамға осындай пайдалы әлеуметтік жобалар арқылы қолдау көрсететінімізді мақтан тұтамыз. Біз алдағы уақытта да ел экономикасына, Атырау облысының тұрғындарына пайда әкелетін жауапты әрі сенімді жұмысты жалғастырамыз, - деп атап өтті ТШО компаниясының стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас менеджері Қалибек Мұханов құттықтау сөзінде.

Атырау «Игіліктің» игілігін көріп жатыр

Ашылу салтанатына қатысқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жаңа нысанның халық игіліне қызмет ететінін айтты. 

Барша Көктем ықшамауданының тұрғындарын бүгінгі қуаныштарымен құттықтаймын! Балабақша – әлеуметтік нысандардың ішінде ең маңыздысы, бөбектердің үлкен өмірге деген алғашқы баспалдағы. Қазақта «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөз бар. «Шағала» балабақшасынан білімді, тәрбиелі, елінің дамуы үшін аянбай еңбек ететін ұрпақ тәрбиеленеді деген үлкен сенімім бар,-деді Ж.Бисембиев.

Бұл Атырау облысында жүзеге асырылып жатқан жобалардың аз ғана бөлігі. Мекеме басшылығының айтуынша, олар өмір сүріп, жұмыс істеп жатқан өңірдің әл-ауқаты мекеменің басты басымдығына жатады. 

Қоғам үшін өте маңызды Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы туралы да айта кеткен жөн. 2010 жылы жұмысын бастаған бағдарлама 12 жыл ішінде 108 жобаны жүзеге асырды. Бағдарламаның жобалары білім, экономика, денсаулық сақтау салалары мен азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған.

ТШО бастамасымен Атырау облысында 100-ден астам әлеуметтік инфрақұрылым нысанының салынуы нәтижесінде педагогикалық, медициналық және техникалық қызметкерлер үшін мыңдаған жаңа жұмыс орыны ашылғанын ескерсек, атыраулықтар компания бағдарламалары мен жобаларының игілігін көріп отыр деуге толық негіз бар. 

Өзгелердің жаңалығы