Атырау базарлары мен сауда орындары жұмысын тоқтатпайды

24 Желтоқсан 2020, 22:55
2321
Бөлісу:
Атырау базарлары мен сауда орындары жұмысын тоқтатпайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау базарлары мен сауда орындары Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сай жұмыстарын жасай береді, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Кей әлеуметтік желіде «Атырауда базарлар 5 қаңтарға дейін жұмыс істемейді» деген жалған ақпарат тарады. Осыған қатысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау базарлары мен сауда орындары әдеттегідей қалыппен жұмыстарын жалғастыратынын айтты. Олар дүйсенбі және жұма күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Санитария шараларының күшейтілуіне байланысты тек жексенбі күні жұмыс істемейді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы