Атырау-Астрахань тас жолының 9 шақырымында қозғалыс ашылды

5 Шілде 2022, 12:35
1531
Бөлісу:
Атырау-Астрахань тас жолының 9 шақырымында қозғалыс ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань» күре жолының жалпы ұзындығы 277 шақырым. 

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде оның 217 шақырымында ауқымды жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Биылға жылдың 5 маусымында аталмыш трассаның 9 шақырымында (4 учаске) қозғалыс ашылды. Бұл 833-824 шақырымдары аралығы. Бүгінде жолдың 69 шақырымында қозғалыс қамтамасыз етілді. Жақын арада тағы 25 шақырым жолды ашу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жол-құрылыс маусымында «Атырау–Астрахань» тас жолының басым бөлігінде қозғалыс ашу жоспарланып отыр. Жол жұмысшылары мен арнайы техника тапшылығы жоқ. Бүгінгі күні құрылыс материалдары толық көлемде жеткізіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы