Атырау әлі де «сары аймақта»

5 Қаңтар 2021, 22:22
1407
Бөлісу:
Атырау әлі де «сары аймақта»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта  Атырау облысы CОVІD-19 коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес - «сары аймақта». Бұл туралы ВАК хабарлады.

Өткен аптаның осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 5,4 пайызға төмендеп отыр. Күн сайын өңірде 60-қа жуық және одан да көп жаңа жағдай тіркелуде. Облыс бойынша аурушандықтың басым көпшілігі Теңіз кен орнындағы  мердігер мекемелердің қызметкерлері арасында тіркелуде - делінген хабарламада.

Теңіз кен орнында COVID-19-ның одан әрі таралуын болдырмау үшін жедел штаб жұмыс істейді, оның құрамына эпидемияға қарсы іс-шараларды үйлестіру және бақылау бойынша жергілікті атқарушы органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полицияның, СЭБ аудандық басқармасының өкілдері кірді.

Сонымен қатар, барлық жұмысшылар ауысымға кірер алдында 7 күндік карантиннен және COVID-19-ға  үшін ПТР-тестілеуден өтеді, және ауысымнан кетуге 5 күн қалғанда барлық қызметкерлер COVID-19-ға тесті тапсырады. Сондай-ақ, рейдтік тексеруді жүзеге асыру үшін мобильді топ құрылды.

Өзгелердің жаңалығы