Атырау қаласында 2 жаңа мектеп ашылды

2 Қыркүйек 2019, 08:45
2791
Бөлісу:
Атырау қаласында 2 жаңа мектеп ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығында Білім күні қарсаңында екі бірдей, атап айтсақ, Нұрсая ықшам ауданында 900 орындық, Жұлдыз ықшам ауданында 624 орындық мектеп ашылды, деп хабарлады Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жұлдыз ықшам ауданында ашылған мектептегі алғашқы қоңырау салтанатына Атырау қаласының əкімі Əлимұхаммед Құттұмұратұлы арнайы қатысып, ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтады.

«1 қыркүйек білім мен ғылым саласында еңбек ететін ұстаздар жəне шəкірттер үшін ерекше күн. 2019-2020 оқу жылында қаламызда жалпы білім беретін 59 мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Баршаларыңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, биылғы оқу жылында сəттілік тілеймін», - деді қала басшысы.

Сонымен қатар, Жұлдыз-3 ықшам ауданында 600 орындық тағы бір мектептің салынатыны белгілі болды.

«Жыл сайын мектепке келуші оқушылардың саны артып келеді. Осы бағытта облыс бойынша 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның алтауы қалада. Облыстағы үш ауысымдық мəселесін шешу мақсатында мектеп салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр», - дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова.

Өзгелердің жаңалығы