Атырауға 50 мың дана маска жеткізіледі

16 Наурыз 2020, 21:27
1765
Бөлісу:
Атырауға 50 мың дана маска жеткізіледі

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаласының кейбір дәріханаларында медициналық масканы сатуда шектеулер бар. Бір адамға 10 данадан артық сатылмайды. Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл тиісті министрліктен келген нұсқау. 

Мақсат - масканы тұрғындардың барлығына жеткілікті қылу. Департамент қызметкерлері қазір дәріханаларға күнделікті мониторинг жүргізіп, мұның орындалуын бақылауда. Алайда олар масканың бағасын реттеуге араласа алмайды.

Бүгінгі күні Атырау облысы бойынша 7300 медициналық маска бар. Өткен жұмада қалаға 21 000 дана маска жеткізіліп, дәріханалар желісіне таратылған болатын. Оның аздық етуіне байланысты қазіргі кезде жергілікті "Медфармимпорт" мекемесі шымкенттік компаниялардың бірімен 50 000 дана көп реттік қолданатын масканы алу үшін келісім-шарт жасап жатыр. Олар Атырауға осы аптаның соңында жеткізіледі. Ал қазір атыраулықтар қала бойынша 4 дәріханадан сатып алуға болады. Олар Құрманғазы көшесі мен "Нұрсая" ықшамауданындағы "Семейное здоровье" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінен, "Жерұйық" ықшамауданындағы "Зибаш" және Томарлы селосындағы тағы бір дәріханада сатылымда бар,- дейді Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкері Әсел Берденова.


Өзгелердің жаңалығы