«Атың шықпаса, подкаст жаса» кітабы жарық көрді

21 Желтоқсан 2023, 11:22
557
Бөлісу:
«Атың шықпаса, подкаст жаса» кітабы жарық көрді
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда подкаст саласы туралы қазақ тіліндегі алғашқы кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

«Атың шықпаса, подкаст жаса» кітабы жарық көрді

«Атың шықпаса, подкаст жаса» атты кітапты тәжірибелі подкастерлер Бақытгүл Салыхова мен Әйнел Әмірхан Alqa Publishing баспа үйімен бірлесіп шығарған. 

«Атың шықпаса, подкаст жаса» кітабы жарық көрді

Мен подкаст саласына 2019 жылы келдім. Сол кезде подкаст туралы қазақ тілінде оқулықтың жоқ екендігін байқадым. Өзім осы саланың қыр-сырын білу үшін орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтарды оқыдым. Сонда подкаст саласына келе жатқан мамандарға қандай көмек тигізу керек деген ой туындады. Әріптесім Бақытгүл Салыхова екеуміз бірігіп, осы кітапты жарыққа шығаруды ойға алдық. Кітап екі жылда жазылды. Бастапқыда жазылған дүниелер өзгертілді. Толықтырулар көп болды. Елімізде подкаст қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі деп айта аламыз. Сол себепті бұл кітаптан жастарымыздың көп нәрсе үйренері сөзсіз, – дейді кітап авторларының бірі, OY-DETOX подкастының жүргізушісі Әйнел Әмірхан.

«Атың шықпаса, подкаст жаса» кітабы жарық көрді

Авторлар подкаст жайындағы барлық ақпаратты осы кітапқа жинақтаған. Алғашқы бөлімінде аудионұсқадағы жазбаның тарихы баяндалады. Бұл саланың елімізге алғаш келуінен бастап дамуын тереңірек түсіндіріп өтеді. Одан кейін зерттеу жасауға подкастер әріптестерімен сұхбат ұсынылады.

«Атың шықпаса, подкаст жаса» кітабы жарық көрді

Біздің «Alqa» баспасы - қазақ әйелдерінің кітаптарын шығарып, қолдау білдіруге арналған баспа. Кітап басылып шықпай тұрып, бір оқып шығамыз ғой. Сол кезде оқып отырып көптен қызықты ақпарттарға қанық болдым. Расымен-ақ, бұл кітапты подкаст саласына енді келіп жатқан жастарға таптырмас мүкіндік болады деп айта аламын. Бізге отандық контекстке, қандай да бір сала туралы зерттеуге негізделген жергілікті авторлардың жұмыстарына назар салу керек. «Alqa» баспасы зерттеуші, жазушы әйелдерге басымдық беретіндіктен, осы кітапты үлкен ықыласпен басып шығарды, – дейді«Alqa» баспасының жетекшісі Бану Дәулетбаева.

«Атың шықпаса, подкаст жаса» кітабы жарық көрді

Айта кетейік, кітап сатылымға шықты. Оны Alqa Publishing баспа үйінен және Меломан дүкендерінен таба аласыздар.

«Атың шықпаса, подкаст жаса» кітабы жарық көрді
Өзгелердің жаңалығы