Атын айтпай, көмек сұрайтын мұғалімдер көп – Бағымкүл Көптілеуова

6 Сәуір 2021, 12:57
2567
Бөлісу:
Атын айтпай, көмек сұрайтын мұғалімдер көп – Бағымкүл Көптілеуова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы БҒМ-нің аппарат жиналысында Нұр-Сұлтан қаласы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағымкүл Көптілеуова елордалық мұғалімдер көбінесе басшының іс-әрекетіне шағымданатынын айтты. 

«Педагог мәртебесі туралы» заң аясында елорда педагогтары құқығының қорғалуын және педагогикалық әдеп жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінде бірқатар жұмыс жасалып жатыр, - деп түсіндірді ол. 

Бұл жоба пилоттық режимде тамыз айында басталған болатын. 

Департамент жанынан құрылған консультативтік кеңес заң нормалары мен педагогикалық әдеп ережелерінің сақталуына, сондай-ақ бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жұмыс жасауда. Кеңеске түскен педагогтің әрбір шағымы, онда көтерілген мәселелер кеңес мүшелерінің ортасына салынып, жан-жақты талданады, - дейді Бағым Құптілеуова.

Қыркүйек айынан бастап «Педагог мәртебесі туралы» Заңның 16-бабыны және министрліктің 2020 жылғы №190 бұйрығымен бекіткен Педагог әдеп жөніндегі кеңес жұмысын ұйымдастыру қағидасының талаптары сәйкес елордалық бірнеше балабақша, мектеп, колледжде кеңес құрылды. 

Елордадағы балабақшалар мен мектептердің кеңесіне түскен өтініштердің басым көпшілігі ұйымның екі мұғалімінің арасындағы өзара түсініспестік немесе сол мектептің әкімшілігінің мұғалімге педагогтік жүктемені дұрыс бөлмеуі және аттестаттаудан өту талаптарының дұрыс түсіндірілмеуі және талаптардың орындалмауына қатысты мәселелер, - деп атап өтті ол жиналыста.

Көп мұғалім мектептегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңеске емес, департаментке жүгінеді. Олар әкімшілік тарапынан қудаланудан сақтанатын көрінеді.

Өтініш берушінің шағымын тыңдап отырып, проблеманың қалай дұрыс шешілуі жөнінде түсіндірме жұмыс жүргіземіз. Сұрақтарды алдымен сол ұйымдағы кеңесте талқылау туралы кеңес береміз. Онымен қоса департаментке телефон арқылы ата-жөнін де айтқысы келмейтін, кейде білім беру ұйымының атауын атамайтын өтініш берушілер саны өте көп. Өзінің атын айтпай, көмек сұрайтын педагогтер көптеп кездеседі, - деп тоқталды Бағымкүл Көптілеуова.

Оның сөзінше, қыркүйектен бастап департамент базасында құрылған кеңеске 18 педагогтен шағым түсті. Оның ішінде 4-еуі балабақшадан, 14-і мектептен. Көбінесе өтініш беруші басшының іс-әрекетіне шағымданады.

Өзгелердің жаңалығы