Атбасарлық екі тұрғын итті сойып тастаған

9 Сәуір 2023, 12:33
1099
Бөлісу:
Атбасарлық екі тұрғын итті сойып тастаған

Ақмола полицейлері Атбасарда жануарларға қатыгездік көрсету фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 сәуірде Атбасар қаласында учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сою фактісін анықтады. Түнде екі адам көшеде итті байқап, оны тамаққа пайдалану шешімін қабылдағаны алдын-ала анықталды. Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін олар жануарды пышақпен өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен, ал қалған бөліктері оқиға орнында қалған.

Бұл факт ҚК 316-бабы 3-бөлігі (жануарларға қатыгездік) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Одан әрі тергеу әрекеттері барысында иттің сүйектері табылып, тәркіленді, қала тұрғындары қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаны тергеу жалғасуда, полицейлер оқиғаның басқа жағдайларын анықтауда. 
 

Өзгелердің жаңалығы