Ататүріктің мүсінін жасамас бұрын көп іздендік – мүсіншілер

26 Қаңтар 2024, 13:08
357
Бөлісу:
Ататүріктің мүсінін жасамас бұрын көп іздендік – мүсіншілер
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда бой көтерген Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің биіктігі 3 метр, тұғыры граниттен жасалған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ескерткіштің авторлары қазақстандық мүсіншілер - Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов.

Ататүріктің мүсінін жасамас бұрын көп іздендік – мүсіншілер

Ескерткіштің жобасына байқау ұйымдастырылды. Байқауды Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Комиссия мүшелерінен өтіп, жеңімпаз атанған сәттен бастап жұмысқа кірістік. Ескерткішті жасауға 3 айдан астам уақыт кетті. Тұғыры граниттен жасалған. Мүсінді жасамас бұрын көп іздендік. Ол кісінің бейнесін, мінез-құлқын айқындауға мән бердік. А. Байтұрсынұлының ескерткішін Анкара қаласына қойған еді. Сол жақтан Мұстафа Кемал Ататүріктің бейнесі ілінген плакаттар мен ескерткішті көрген едік. Сол кезде алған жақсы әсерімізді мүсін жасау барысында қолдандық. Композицияның әр бөлігінде демократиялық зиялы ел көрсеткен сәтін бейнелеуге тырыстық. Бұл кісінің есімі тек түрік тарихында емес, әлем тарихында да алтын әріппен жазылып қалды. Сол себептен осындай туындыны жасауға атсалысқанымызға қуаныштымыз, – дейді мүсіншілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов.

Өзгелердің жаңалығы