Атақты миллиардер Қазақстанға келді

13 Желтоқсан 2022, 10:22
6484
Бөлісу:
Атақты миллиардер Қазақстанға келді

Әлем бойынша ең бай адам саналатын үндістандық басшы Қазақстанға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Үндістандық Гаутам Аданиды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайтын болады. 

Сондай-ақ Премьер-министр Әлихан Смайылов және орталық мемлекеттік орган басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр. 

Мәлімет бойынша, екі тарап логистика, энергетика сынды салалардағы екіжақты серіктестік мәселелерін талқылайды. 

2022 жылдың қарашасында Adani Group-тың қаржы айналымы 280 миллиард долларға жеткен. Ал Қазақстанға іссапарын Сыртқы істер министрлігі мен Kazakh Invest Ұлттық компаниясы ұйымдастырып отыр.

Гаутам Адани "Adani Group" компаниясын 1988 жылы құрған. Оның штаб-пәтері Ахмадабад қаласында орналасқан. Bloomberg журналының мәліметіне қарағанда, ол – Азияның ең бай адамы. Ондағы дерек бойынша, Аданидің қаражаты 129 миллиард доллардан асады.

Ал Forbes-тың дерегі бойынша, ол дүние жүзіндегі ең бай 3 адамның қатарына кіреді.Бұл басылымның дерегі бойынша, бизнесменнің қаражаты 136 миллиард доллардан асады деген дерек бар.

"Adani Group" компаниясының жылдық табысы — 25 миллиард доллар. 70-тен аса елде 23 мыңнан асатын қызметкер бар.

Өзгелердің жаңалығы