Атақты футболшы Пеле отбасымен қоштасты

27 Желтоқсан 2022, 09:56
1845
Бөлісу:
Атақты футболшы Пеле отбасымен қоштасты

Атақты аяқдопшы Пеле отбасымен, жақындарымен қоштасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішек қатерлі ісігімен ауыратын футболшының жағдайы тез нашарлады.

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеле отбасымен және достарымен қоштасns. Бұл туралы Британдық кәсіпкер, спорт менеджері Фрэнк Халид хабарлады.

Пеле аурухана төсегінде отбасымен және достарымен қоштасады. Пеле қатерлі ісікке қарсы күресте жеңіліп жатыр, отбасысы да  оның жағдайы тез нашарлап бара жатқанын айтады, - деп жазды Фрэнк Халид Twitter-де.

Атақты футболшы Пеле отбасымен қоштасты

Желтоқсан айының басында өткен жылы қатерлі ісікке операция жасалған 82 жастағы Пелеге химиотерапия енді көмектеспейтіні хабарланды. Ол паллиативтік көмек бөліміне ауыстырылды.

Футбол аңызы 2021 жылдың тамызынан бастап ішек қатерлі ісігімен күресіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы