«Атамекен» ҰКП: Зардап шеккен кәсіпкерлер форс-мажор куәлігін алуына болады

6 Қаңтар 2022, 17:17
1031
Бөлісу:
«Атамекен» ҰКП: Зардап шеккен кәсіпкерлер форс-мажор куәлігін алуына болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты колл-орталықтарының жаңа нөмірлерін жариялады. 

Интернет желісінің жоқтығынан бұрынғы нөмірлер жұмыс істемей тұр. Палата қазіргі жағдайға зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерін реестрге тіркеп жатыр. Кешеден бері байланыс орталығына 84 қоңырау түскен. Хабарласқан кәсіпкерлер фитнес-клубтар, тұрмыстық техника дүкендері, қоғамдық тамақтану нысандарының қирап, тоналғанын айтқан. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бүлінген нысандар туралы барлық ақпаратты келесі телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрайды: 87781243803, 87758605879, 87781933478, 87784101973, 87784101844, 87784101762. 

Қазақстан Республикасының территориясында төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты өз міндеттерін орындау мақсатында объективті түрде жұмыс істей алмайтын кәсіпкерлерге «Атамекен» құзырынан форс-мажор куәлігін алуға мүмкіндік бар. Аталмыш куәлік тегін беріледі. Қаралу мерзімі қысқартылған. Әріптестеріміз сіздермен бірге тәулік бойы жұмыс істеуге дайын, - дейді «Атамекен» ҰКП бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов. 

 

Өзгелердің жаңалығы