«Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасының міндетін атқарушы тағайындалады

17 Ақпан 2022, 15:54
1499
Бөлісу:
«Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасының міндетін атқарушы тағайындалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезін өткізу уақытына төралқа төрағасының міндетін атқарушы лауазымына «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Райымбек Баталов тағайындалады, деп хабарлады кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

 «Атамекен» ҚР ҰКП IX кезектен тыс съезі 2022 жылғы 18 ақпанда өтеді. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралады:

- Ұлттық палатаның басқару органдары  туралы;

- Ұлттық палатаның қызметін реформалау туралы;

- Кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері туралы;

- Басқа мәселелер.

 

Өзгелердің жаңалығы