Ата Заңға арналған жаңа пошта маркасына алғашқы мөр басылды

Арнайы рәсімде жаңа филателиялық шығарылым таныстырылып, оның Қазақстан үшін маңызы айтылды.

 «Қазпошта» АҚ Бүгiн 2026, 17:58
Бүгiн 2026, 17:58
189
Фото: «Қазпошта» АҚ

Астана қаласында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған пошта маркасына мөр басу рәсімі өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрайымы Эльвира Әзімова мен «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев қатысты.

Бұл арнайы мөр басу рәсімі – жай ғана жаңа филателиялық шығарылым емес. Бұл еліміздің Ата Заңына, мемлекеттілігіне, тәуелсіздігіне және құқықтық құндылықтарына деген құрметтің белгісі. Пошта маркасы – мемлекеттің визит карточкасы, Қазақстанның егемендігін растайды және ел өміріндегі маңызды оқиғаларды көрсетеді.

Жаңа Конституцияға арналған марканың шығарылуы тәуелсіз Қазақстанның іргетасы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қоғамдық келісім мен елдің тұрақты дамуының негізі ретіндегі айрықша рөл атқарады, – деп атап өтті Бекежан Жәкеев.

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған маркаларды шығару отандық филателияның игі дәстүріне айналғанын атап өтті.

Алғашқы мерейтойлық пошта маркасы 2005 жылы Конституцияның 10 жылдығына орай шығарылды. 2020 жылы «Қазпошта» еліміздің Ата Заңының 25 жылдығына арналған марканы айналымға енгізді. 2023 жылы «Мемлекет саясаты» сериясы аясында «Қазақстан Республикасының Конституциясы, Конституциялық Сот және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына» арналған үш тақырыпты біріктірген пошта блогы жарық көрді.

Ал 2025 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған пошта маркасы шығарылды.

Бекежан Жәкеевтің айтуынша, әрбір пошта маркасы тек мемлекеттік пошта төлемінің белгісі ғана емес, сонымен қатар өз дәуірінің тарихи құжаты болып табылады. Пошта маркалары маңызды мемлекеттік оқиғалар туралы тарихи жадыны сақтап, азаматтар арасында Конституциялық құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді.

Пошта маркаларының мерейтойлық шығарылымдары мемлекеттік дәстүрлердің сабақтастығын, тәуелсіз Қазақстан тарихына деген құрметті және құқықтық мемлекеттің берік іргетасы ретіндегі Ата Заңның маңыздылығын көрсетеді.

Бұл арнайы мөр басу рәсімі коллекционерлер үшін, сондай-ақ ел тарихына қызығушылық танытатын барлық адамдар үшін естелікке айналатыны сөзсіз.

Жаңа марка ұлттық филателиялық коллекцияны толықтырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құндылықтары мен конституциялық қағидаттарына деген құрметтеу символына айналады.

Наверх