Қатаң карантиннің қайта қабылдануы әбден мүмкін

7 Қазан 2020, 16:39
3382
Бөлісу:
Қатаң карантиннің қайта қабылдануы әбден мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

Еліміздегі коронавирустық инфекция мен пневмония бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанына қарамастан, карантиндік шаралардың біз күткен нәтижесі болмай отыр. Науқастар саны қайта өсуде, оны күнделікті көріп жүрсіздер. Егер азаматтар санитарлық дәрігер ұсынған талаптарды сақтамаса, қатаң карантиннің қайта қабылдануы әбден мүмкін, - деді ол.

7 қазандағы жағдай бойынша елімізде COVID-19 індетін жұқтырған 108 362 адам тіркелген, оның 103 463-і жазылып шықса, 1752-сі қаза тапқан. Ал соңғы тәулікте 66 азаматтан (0,6%-ға өскен) инфекция анықталды. Сондай-ақ 3 145 пациент тиісті ем-дом шараларын қабылдап жатыр. 

Республикада коронавирус инфекциясының 33 877 ықтимал жағдайы тіркелген (ПТР-), соңғы тәулікте 262 науқас тіркеліп, сырқаттанушылық деңгейі 0,8%-ға өскен. 27 563 адам жазылып шықса, 361 азамат қайтыс болған, - деді ресми өкіл.

Өзгелердің жаңалығы