«Ата-баба топырағында». Ердоғанның Астана сапарындағы миссиясы

13 Қазан 2022, 11:15
2669
Бөлісу:
«Ата-баба топырағында». Ердоғанның Астана сапарындағы миссиясы
PHOTO
Фото: Ақорда

Астанаға Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған АӨСШК саммитіне қатысушылардың бірі болып келді. Екі Президент кездескенде дәстүрге айналған үстел тениисін ойнауы әлеуметтік желідегі жұртты сүйсіндірді. Ердоғанның елордаға мемлекеттік сапармен келуі қандай мәселелерді шешетіні жайлы BAQ.KZ тілшісі тарқатады. 

Түбі бір-түркі

«Ата-баба топырағында». Ердоғанның Астана сапарындағы миссиясы

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған өзінің жұбайымен 12 қазан күні елордаға табан тіреді. Мемлекеттік сапармен келген мемлекет басшыларын Президент өзі күтіп алады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоған мен жұбайын ықылас гүлдерімен әуежайдан күтіп алды. 

Кейін «Ақорда» резиденциясында Түркия Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға сапары туралы 10 млн оқырманы бар Instagram парақшасында 3 пост жариялады. Оның соңғысында ол «Ата-баба топырағында» деген пікір қалдырған. Түркия Президентінің Қазақстанға деген қарым-қатынасын осы бір ауыз сөзден де байқауға болады. 

«Ата-баба топырағында». Ердоғанның Астана сапарындағы миссиясы

Ал енді екі президент келіссөздер барысында бір-біріне ризашылық білдірді. 

Тоқаев Ердоғанның келуі екі ел арасындағы ынтымақтастыққа үлкен серпін беретініне сенім білдірді.

Біз Түркиямен тең дәрежедегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мен береміз. Бұл менің ерекше назарымда. Кездесуіміздің күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасып, уағдаластыққа қол жеткіземіз деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде  Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа мамыр айында Түркияға мемлекеттік сапары мен Нью-Йорктегі екіжақты кездесуден кейін қайтадан жүздесіп отырғанына қуанышты екенін атап өтіп, қонақжайлығы үшін алғыс айтты. 

Бүгін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-отырысын өткіземіз. Сондай-ақ ертең Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысамыз. Сіздің көшбасшылығыңызбен жүргізілген реформалар қазақ халқының тыныштығын сақтап, әл-ауқатын жақсартатынына сенімім мол. 20 қараша күні болатын Президент сайлауы әділ әрі жаңа Қазақстан үшін қайырлы болуын және сізге сол сайлауда сәттілік тілеймін, – деді Режеп Тайип Ердоған. 

Түркия Президенті жаһандық және аймақтық тұрақсыздық белең алған шақта түркі мемлекеттерінің ынтымағын одан әрі нығайту қажет екенін, сондықтан стратегиялық серіктес әрі бауырлас ел Қазақстанның қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, территориялық тұтастығына және экономикалық әл-ауқатының жақсаруына айрықша мән беретінін жеткізді. 

Түркияға мемлекеттік сапарыңыз барысында қол қойылған 14 ынтымақтастық туралы құжат пен ортақ декларация қарым-қатынасымызға тың серпін берді. Бүгін осы келісімдерге қосымша жаңа құжаттар қосылады. Атажұртыма келген маған және менің делегацияма қонақжайлық көрсеткеніңіз үшін тағы да алғыс айтамын, – деді Режеп Тайип Ердоған.

Қазақстаннан Түркияға 1,13 миллиард доллар қаржы құйылған

«Ата-баба топырағында». Ердоғанның Астана сапарындағы миссиясы

Сондай-ақ Қазақстан мен Түркия президенттері екі елдің Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің IV отырысын өткізді.

Онда сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-логистика және әскери өндіріс саласындағы ықпалдастық, энергетика саласындағы байланыстар және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық секілді 5 мәселе талқыланды. 

Мақсатымыз – сауда айналымын 10 миллиард долларға жеткізу. Анкара соңғы 15 жылда Қазақстанға 4,35 миллиард доллар инвестиция құйды. Ал біздің еліміз Түркияға 1,13 миллиард доллар қаржы салды. Түркия Қазақстанның ең ірі 10 инвесторының қатарында тұр. Жалпы, екіжақты сауда-саттық әлеуетін арттыру жолында транзиттік тасымал бағыттары маңызды рөл атқарады. Біз тасымал шығынын азайтып, жеткізу мерзімін қысқарту үшін Транскаспий дәлізін дамытуға шақырамыз. Бүгінгі кездесуде біз оны талқыладық. Көзқарасымыз бірдей. Биыл маусым айында Бакуде үшжақты форматтағы кездесу өтті. Біз бұл дәстүрді жалғастыруға ниеттіміз. Келесі басқосуды Ақтауда өткізуді ұсынамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Түркия Президенті өзінің және делегациясының атынан қазақ халқының қонақжайлығына алғыс айтып, екі ел арасындағы барлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді. 

Қазақстан экономикасын әртараптандыруға біз әрдайым атсалысып келеміз. Халықты жұмыспен қамтуға байланысты бастамаларыңызға біздің компаниялар да өз үлесін қосатынына сенімдімін. Біз сауда айналымын қысқа мерзімде 5 миллиард, орта мерзімде 10 миллиард долларға жеткізуге келіскен болатынбыз. Әзірге бәрі жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді. Көлік-логистика саласындағы ынтымақтастығымыз біздің орта мерзімге жоспарлаған межемізге тез жетуге мүмкіндік береді. Каспийдің маңызы артып келеді. Бакудегі үшжақты кездесу сәтті өтті. Ақтаудағы басқосу бұл жұмыстарды ілгерілетеді деп сенеміз. Біз жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін арттыру жөніндегі әлем алдындағы міндетімізді тиісті деңгейде орындап келеміз. Бұл тұрғыда астығы мол Қазақстанның әлеуетін пайдалануға болады деп есептеймін, – деді Режеп Тайип Ердоған.

Екіжақты құжаттар 

«Ата-баба топырағында». Ердоғанның Астана сапарындағы миссиясы

Тоқаев пен Ержоған мына құжаттарға қол қойды: 

-Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ветеринариялық қызметтер көрсету саясаты және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; 

-Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы музей ісі, ескерткіштерді қорғау және реставрациялау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 

-Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 

-Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Түркия Республикасының Сауда министрлігі арасындағы техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 

-Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түркия Республикасының Отбасы істері, еңбек және әлеуметтік қызметтер министрілігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

Мәңгі «Достық» пен теннис

«Ата-баба топырағында». Ердоғанның Астана сапарындағы миссиясы

Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

 Сіздің сындарлы саясатыңыздың арқасында Түркияның әлемдегі абырой-беделі арта түсті. Еліңізді дүниежүзі әлеуеті зор, дамыған мемлекет ретінде біледі, құрметтейді. Түркия – біздің ежелден еншісі бір, тамырлас туысымыз. Сондай-ақ Қазақстанның ең жақын әрі сенімді стратегиялық серіктесі. Қос халықтың арасындағы бауырластық байланыс – өзара тиімді қарым-қатынастың алтын діңгегі. Бұл іске Режеп Тайип Ердоған орасан зор үлес қосып келеді. Мен оны жоғары бағалаймын. Әсіресе, туысқан елдерді ортақ мүддеге ұйыстырып, тамырымызды тереңдету үшін ерекше еңбек сіңіріп жүрсіз. Бастапқыда кеңес ретінде құрылып, бүгінде толыққанды ұйымға айналған Түркі мемлекеттері ұйымы – осының айқын дәлелі. Одан бөлек, бітімгершілік рөліңізді ерекше атап өткім келеді. Біз сіздің дүниежүзіндегі дағдарыстар мен аймақтағы мәселелерді шешу жолындағы бастамаларыңызды қолдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Ата-баба топырағында». Ердоғанның Астана сапарындағы миссиясы

Тоқаев осы жолдағы мәңгі достық бен мызғымас бауырластық жалғаса беретінін айтты.

Сіз қазақ-түрік қатынасын тұрақты дамытуға өлшеусіз үлес қосып келесіз. Мен осы саладағы айрықша тарихи рөліңізді ескере отырып, Сізді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім екіжақты қарым-қатынастар жылнамасына алтын әріппен жазылары сөзсіз. Мен достығымызды нығайтып, береке-бірлігімізді арттыра түсу үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған үстел теннисін ойнады. Алдында Президентіміз Түркияға жасаған сапарында да екі елдің басшылары үстел теннисін ойнаған еді. Бұл екі ел басшысының арасындағы әдемі дәстүрге айналған тәрізді. 

Түркия президенті де мәңгі достық туралы сөз қозғады. 

Біз бауырлас Қазақстанның егемендігін, территориялық тұтастығын, бейбітшілігі мен тұрақтылығын әрдайым қолдаймыз. Біздің бірлігіміз бен ынтымақтастығымыз мәңгілік, - деджі Ердоған. 

Екі Президент БАҚ-қа не деді?

«Ата-баба топырағында». Ердоғанның Астана сапарындағы миссиясы

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толып отыр.

 Біз бауырлас Түркия елімен тұрақты мемлекетаралық қатынас орнаттық. Биылдың өзінде жоғары деңгейдегі бірнеше сапар болды. Бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды. Менің мамыр айында Түркияға мемлекеттік сапармен барғанымды білесіздер. Сол кезде Режеп мырза екеуміз кеңейтілген Стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Түркия – Қазақстанның өте маңызды стратегиялық серіктесі, – деді Президент.

Мемлекет басшысы бүгінгі кездесу барысында көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықтың даму перспективасына назар аударды. 

 Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалды ұлғайтуға екі ел де мүдделі. Өңірдегі тұрақтылықты сақтау үшін бұл стратегиялық жобаның зор маңызы бар. Биыл 7 айда осы бағыт арқылы тасымалданатын жүк көлемі 2,5 есеге артып, 1 миллион тоннаға жетті. Осы ретте, мемлекеттеріміздің «Орта дәлізді» дамытуы қазір өте маңызды, – деді Мемлекет басшысы. 

Келіссөздер барысында жаһандық өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады. Президент көптеген халықаралық мәселелер бойынша екі елдің ұстанымы жақын екенін атап өтті. 

Біз көпжақты дипломатияны одан әрі нығайтуға ерекше мән береміз. Екі елдің серіктестігі Біріккен Ұлттар Ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты көпжақты құрылымдар аясында ойдағыдай дамып келеді. Ертең Түркия Президентімен бірге Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 6-шы Саммитіне қатысамыз, – деді Мемлекет басшысы.

 Өз кезегінде Түркия Президенті Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесіне көңілі толатынын жеткізді. 

Біз бауырлас Қазақстанның егемендігін, территориялық тұтастығын, бейбітшілігі мен тұрақтылығын әрдайым қолдаймыз. Біздің бірлігіміз бен ынтымақтастығымыз мәңгілік! Қазақстан Президентінің басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалаймын. Алдағы президент сайлауының қорытындысы Қазақстанға игілік әкелсін, – деді Режеп Тайип Ердоған.

Өзгелердің жаңалығы