«Асығып отырсаңыз, боссыз»: Қошанов Мақсат Толықбайға ескерту жасады

20 Қазан 2023, 12:00
2426
Бөлісу:
«Асығып отырсаңыз, боссыз»: Қошанов Мақсат Толықбайға ескерту жасады
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжілістегі парламенттік тыңдауда палата төрағасы Ерлан Қошанов депутат Мақсат Толықбайға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халықтың несие алуы мен қаржы мәселесі талқыланып жатқан маңызды отырыста депутаттың қайда асыққаны белгісіз.

Отырыста «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысының қаржылық сарапшысы Мақпал Ғабдул сөз сөйледі.

Ерлан Қошанов сарапшының пікірі маңызды деп атады.

Мақпал елдің ортасынан келіп, қиын жағдайға түскен адамдармен жұмыс істеген, - деді ол.

Осыдан кейін төраға депутатқа ескерту жасады.

Мақсат Толықбай, қатысып отырсыз ба? Сөйлеп жатыр ғой. Асығып отырсаңыз, бара беруіңізге болады, - деді Ерлан Қошанов.

Еске сала кетейік, бүгін Мәжілісте халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы парламенттік тыңдау өтіп жатыр. Оған Парламенттің қос палатасының депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық банктің басшылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысуда. 

Отырыста қазақстандықтардың банктерге қарызы күн санап өсіп келетіні айтылды. Қошанов несиенің сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы