Асу Алмабаевтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

27 Мамыр 2023, 19:36
1213
Бөлісу:
Асу Алмабаевтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды
Фото: prosports.kz

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC-дегі дебютін 5 тамызда америкалық Оди Осборнға қарсы өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Спорт Шредингер телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Жекпе-жекті Осборнның мүддесін қорғайтын Iridium агенттігі растады. Оның ММА-дағы статистикасы — 12-5, ал UFC-дегі рекорды — 4-3.

31 жастағы Осборн UFC-ге «Dana White Contenders Show» арқылы өткен, Жалғас Жұмағұловтың қарсыластарымен төрт рет кездескен. Оди Джером Ривера, Си Джей Вергара, Запах Адашев және Чарльз Джонсонды жеңіп, Брайан Келлехер, Манел Кейп және Тайсон Немудан жеңілген.

5 тамызда UFC Fight Night турнирі өтеді, кеш Лас-Вегастағы UFC Apex штаб-пәтерінде өтуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы