«Астықжанда» шыққан өрттен бір адам зардап шеккен

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Астықжан» сауда орталығында өрттен бір адам зардап шекті.</h4>

2 Қазан 2021, 11:47
АВТОР
 2 Қазан 2021, 11:47
2 Қазан 2021, 11:47
3493

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Астықжан» сауда орталығында өрттен бір адам зардап шекті.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі өрт туралы қосымша ақпарат таратты.

Өртті сөндіру барысында зардап шеккен қыз анықталды. Ол «Универсал» жиһаз дүкенінің қызметкері, 2001 жылы туған. Қазіргі уақытта ол травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына (NIITO) жеткізілді, оның жағдайы орташа ауыр, - деді баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Астықжан» сауда орталығында 3-қабатта жиһаз салоны жанып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Наверх