Астрахань-Ақтау тасжолында автобус аударылып қалды

8 Қаңтар 2019, 15:45
1793
Бөлісу:
Астрахань-Ақтау тасжолында автобус аударылып қалды

Астана, baq.kz. Астраханьнан Ақтау тұрғындарын алып келе жатқан автобус бүгін таңертең жолда аударылып қалды. Жолаушылардың туыстарының айтуларынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше адам жарақат алған. Бұл туралы inaktau.kz сайты хабарлайды.

Зардап шеккендердің туыстары жолаушылар Астраханьнан ақтаулық такси қызметі ұсынған екі көлікпен келе жатқанын айтты. Олардың айтуларынша, көліктердің бірі Атырау маңындағы жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.

«Ол автобуспен менің анам келе жатыр. Ол аяғын ауыртып алыпты. Тағы екі жолаушы қолын шығарып алыпты. Кешке келгенде ауруханаға барамыз. Мен алаңдап отырмын», - дейді зардап шеккен жолаушының қызы.

Компания өкілдері жол-көлік оқиғасы болғанын растады және оған қолайсыз ауа райы жағдайы себеп болғанын айтты.

«Жүргізуші жылдамдықты арттырмаған. Тұман салдарынан бұрылыс кезінде тайғанақ жолға тап болғанын байқамай қалып, рөлді басқарып үлгермей қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім көз жұмған жоқ және ешкім айтарлықтай жарақат алмаған. Жолаушыларды екінші автобусқа отырғызып жіберді, олар кешке Бейнеуге жетуі керек. Оларға қарсы бағытта тағы екі көлік жібердік. Жолаушылар Маңғыстау облысына жеткен кезде олар біз жіберген көліктерге отырады. Олардың келісімімен денсаулық жағдайын тексеру мақсатында медициналық ұйымға апарамыз», - дейді компания өкілдері.

Атырау облыстық Полиция департаменті оқиға орнынан ешкім хабарласпағанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы