«Астрахань-Маңғышылақ» су құбыры күрделі жөндеуді қажет етеді

«Астрахань-Маңғышылақ» су құбыры күрделі жөндеуді қажет етеді
732

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы аудандағы сапарын Қиғаш ауылындағы «Қиғаш» желілік өндірістік диспетчерлік стансасының жұмысымен танысудан бастады.

«Қиғаш» бас су сорғы стансасының басшысы Хамит Қабыловтың мәлімдеуінше, тәулігіне 260 000 текше метрге есептелген стансаның қазіргі қуаттылығы 110 мың текше метр. 

1987 жылы салынған ғимаратқа соңғы рет 2010 жылы «Қазтрансойл» АҚ компаниясының қаржыландырумен күрделі жөндеу жүргізілген. Алайда, бүгінгі күні аталған станса соның ішінде су асты техника, сумен жабдықтайтын сорғыларға жөндеу қажет, - деді Хамит Қабылов. 

Айта кетейік, «Магистральдық су ағызғысы» ЖШС-не қарасты «Қиғаш» бас су сорғы стансасы «Астрахань-Маңғышылақ» су құбыры арқылы Атырау, Маңғышылақ өлкесін ауыз сумен қамтып отыр. Кеңес үкіметі кезінде салынған мекеменің құбырлары, су сору, сүзу қондырғылары ескірген. Қазіргі уақытта күрделі жөндеуді қажет етеді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы